Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева теннистен Австралия ашық біріншілігін сәтті бастады, деп хабарлайды prosports.kz.

Алғашқы айналымда жерлесіміз британиялық Хизер Уотсонды жеңді. Кездесудегі есеп 7:5, 7:6. Ойын екі сағат 18 минутқа созылды.

Юлия Путинцеваның екінші айналымдағы қарсыласы румыниялық теннисші Анна Богдан болмақ.