2020 жылғы УЕФА Суперкубогын өткізу үшін тоғыз ассоциация қызығушылық білдірді, деп хабарлайды prosports.kz uefa.com сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге салайық, Суперкубок өтетін стадионды таңдау сайысы 2017 жылдың 8 желтоқсан күні басталған.

УЕФА Суперкубогы-2020 ойынын өткізуге келесі үміткерлер ниет білдірді:

Албания, Тирана, «Национальный» Беларусь, Минск, «Динамо» Израиль, Хайфа, «Самми Офер» Қазақстанн, Алматы, «Орталық» Молдова, Кишинёв, «Зимбру» Португалия, Порту, «Драгау» Солтүстік Ирландия, Белфаст, «Уиндзор Парк» Финляндия, Хельсинки, «Олимпийский» Франция, Ницца, «Стад-де-Нис».

Айта кететін жайт, қызығушылық білдірудің заңды күші жоқ. Үміткерлердің қорытынды ұсыныс құжаттамалары осы жылдың 29-шы наурызына дейін тапсырылуы тиіс. Ал УЕФА-ның атқарушы комитеті жеңімпазды 2018 жылдың мамыр айында атайды.