Тарасов дивизионы ҚХЛ жұлдыздар матчының жеңімпазы атанды. Финалдық матчта Чернышев дивизионының командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Астана қаласында өткен кездесу 5:4 есебімен Тарасовтар командасының пайдасына шешілді. Екінші орын алған Чернышев дивизионы құрамында елордалық «Барыс» ойыншылары - Найджел Доус, Линден Вей және Кевин Даллмэндер ойнады.