Бүгін қарағандылық «Шахтер» командасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясындағы алғашқы жолдастық кездесуін өткізеді. Бұл туралы клубтің ресми сайты хабарлап отыр.

Қарағандылықтардың алғашқы қарсыласы Өзбекстанның «Насаф» командасы. Кездесу бүгін Астана уақыты 19:00 де басталады(жергілікті уақыт 16:00).

«Насаф» командасы Өзбек Суперлигасының өткен жылғы күміс жүлдегері.