Елордада өтетін «Жұлдыздар матчы» апталығының аясында 13 қаңтарда өтетін «Мастер-шоу КХЛ 2018» және 14 қаңтарда өтетін «КХЛ жұлдыздар матчы» көрермендерін «Барыс Арена» кешненіне жеткізу үшін арнайы автобустар ұйымдастырылады, Астана әкімдігінің ресми сайты.

Автобустардың жүру уақыты – сағ 12:00-ден 13:00-ге дейін;

Жүру орны:

• «Қазақстан» СК тұрағы;

• Бөгенбай батыр ескерткіші тұрағы (Богенбай батыр – Сарыарқа даңғ. қиылысы);

• «Нұр Астана» мешіті тұрағы;

• «Жастар» сарайы» тұрағы;

• «Астаналық цирк» тұрағы.

Арнайы автобустардың жүру ақысы - 90 теңге, жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер жарамсыз.

Іс-шара аяқталған соң «Барыс Арена» МА тұрағынан қалаға апаратын арнайы автобустар ұйымдастырылады.