«Барыс» клубының президенті Асқар Шопобаевтың айтуынша, әйелдер xоккей лигасының матчы басталмас бұрын «Барыс Арена» кассасында 7 мың билет сатылған.

«Елімізде әйелдер xоккейін дамытуға, олардың шеберлігін арттыруға осы ӘХЛ жұлдызды ойыны сеп болады деп ойлаймыз. Біздің xоккейші қыздарымыздың xалықаралық дәрежесі өседі деп үміттенемін», деді Асқар Шопобаев.