Алексей Щеткин «Астана» қатарына қайтып оралды, деп хабарлайды prosports.kz.

Шабуылшы өткен маусымды қостанайлық «Тобыл» қатарында жалда өткізген.

Щеткиннің елордалық клуб қатарында қалу қалмауы Джуниор Кабанангаға байланысты болып тұр. Егер африкалық шабуылшы елордалықтардың қатарында қалатын болса Щеткин қостанайлық клубқа тағы жалға бармақ.

Өткен маусымда Алексей Щеткин «Тобыл» үшін он гол соғып команданың үздік сұрмергені атанған.