19 қыркүйек күні Алматыдағы  «NURTAU» гольф-клубында «Kazakhstan Open - European Challenge Tour» атты гольф турнирі басталды. Аталған додаға әлемнің үздік спортшылары қатысады.
 
«Kazakhstan Open - European Challenge Tour» аясында 132 гольф шеберлерлік байқасады. Әлемдік деңгейде есімдері белгілі Хосе-Фелипе Лима, Андре Паван және «Kazakhstan Open-2012» жарыстың жеңімпазы Альваро Веласко биылғы жарыста бақтарын сынап көрмек. 
 
Жарыстың жүлде қоры 400 000 еуроны құрайды.