Қазақстан кубогының бірінші кезеңінің алғашқы жарыс күнін әйелдер арасындағы биіктікке секірушілер мен ерлер арасындағы сырықпен секірушілер қорытындылады.

Бір қуантқаны, биіктікке секіруші аруларымыздың көбейгені. Басты фаворит 19 жасты Семей қаласының спортшысы Надежда Дубовицкая 1,60 метрден бастады.Одан кейін 1,65, 1,70, 1,74, 1,77, 1,82 метрге дейін жетті. Ең соңында 1,86 метрге талпынғанымен, бірақ бұл биіктікті бағындыра алмады. Спортшының жеке рекорды – 1,85 метр. Дегенмен жеке рекордын жаңартатын уақыт алыс емес секілді.

Екінші орын тағы бір Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Александр Кривицкаяға бұйырды (1,74 метр). Үштікті 17 жастағы Кристина Овчинникова (Алматы) қорытындылады.

Ерлерден сырықпен секіруден 2017 жылғы жабық кешендегі Азия ойындарының жеңімпазы Сергей Григорьев қатысқан жоқ. Сондықтан басты фаворит тәжірибелі Данил Полянский (Қарағанды обл.) мен Никита Филиппов (Алматы) саналған. Екеуі де алғашында 5,20 метрді оңай бағындырды. Бірақ кейіннен Полянский 5,30 метрге, Филиппов 5,40 метрге секіре алмады. Жеңімпазды анықтауда аз қателік жасағандары ескерілді. Ал жас спортшылардың бірде-біреуі мен бұл екеуіне қарсылас болып жарытпады.

Қазақстан кубогы, бірінші кезең. 10 қаңтар. Өскемен.

Биіктікке секіру, әйелдер:

1. Надежда Дубовицкая (ШҚО) – 1,82 м

2. Александра Кривицкая (ШҚО) – 1,74 м

3. Кристина Овчинникова (Алматы) – 1,65 м

Сырықпен секіру, ерлер:

1. Данил Полянский (Қарағанды обл.) – 5,20 м

2. Никита Филиппов (Алматы) – 5,20 м

3. Иван Товченик (Алматы) – 4,60 м