«Ливерпуль» клубының бұрынғы ойыншысы Хаби Алонсо бапкерлікке бет бұруды көздейді. Қазірдің өзінде Хаби алдағы уақытта қай клубқа бапкер болғысы келетіндігін біледі.

«Ливерпуль» клубының бапкері болу арманым. Алайда мен қазіргі уақытта көп жұмыс жасап, өзімнің қолымнан не келетіндігін көрсетуім керек. Болашақта не боларын көрерміз», - деді Хаби Алонса.