Неміс футболындағы аты аңызға айналған ойыншыларының бірі, мюнхэндік «Баварияның» құрметті президенті Франц Беккенбауэр ағайынды Кличколардың фан-клубына мүше болып тіркелді.

Мүшелікке кіргені туралы ресми сенімхатты Франц Беккенбауэрдың қайырымдылық қорына арналған гольф турнирі аясында Германияның Санкт Леон-Рот қалашығында табысталды. Жалпы, Франц Беккенбауэр бірнеше жыл бойы Кличколардың жанкүйері болып табылады. Күрзі қолғап шеберлерінің бірнеше кездесуін Беккенбауэр тіпті арнайы барып тамашалаған. Франц әсіресе ағайындылардың кішісі Владимирмен жақсы қарым-қатынаста. Себебі, Владимир да гольф ойынына қызығады екен. Бірнеше мәрте Франц Беккенбауэрдің қайырымдылық қорларына да қатысқан.

«Мен Кличколардың жанкүйерлер қатарына қосылғаныма өте қуаныштымын. Ағайынды Кличколар - жастардың үлгі тұтар спортшылары. Сондай-ақ, адам ретінде өте мәдениетті кісілер. Бұл туралы мен «Кличколарға» арналған кітаптың бірінші бетінде жазған едім. Ол кітапта Сильвестр Сталлоне Виталий туралы жазса, мен Владимир туралы жаздым», - дейді Франц Беккенбауэр марапаттау сәттінде.