Алдағы жексенбі, дүйсенбі, сейсенбіде Алматыда үстел теннисінен республикалық іріктеу турнирі өтеді.

Жарыстың қорытындысы бойынша Швецияның Хальмстад қаласындағы үстел теннисінен командалық әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталады.

Іріктеуге тек астаналық Кирилл Герасименко қатыспайды. Ол қазіргі таңда Венгрияда өтетін (18-21 қаңтар) Әлемдік турға дайындалуда.