Халықаралық Футбол федерациясының президенті Йозеф Блаттер 2022 жылғы Әлем біріншілігін Катарда өткізу себебін саяси және экономикалық жағдайларға байланысты бердік деп мәлімдеме жасады.

«2022 жылғы футболдан Әлем біріншілігін өткізу құқығын Катарға бірінші кезекте саяси және экономикалық жағдайларға байланысты бердік. Бұл мемлекет бірнеше ұйымның экономикалық жағдайына тікелей әсер етеді. Сол себепті де Еуропа атынан дауыс беру құқығына ие болған кісілердің басым көпшілігі Катарға өз дауыстарын берді», - дейді Блаттер.

Айта кетейік, Катар 2022 жылғы футболдан Әлем біріншілігін өткізу құқығын АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония және Аустралия сынды мемлекеттерінен дауыс беру қорытындысы бойынша жеңіп алды.