Ертең қарағандылық «Шахтер» командасы өз тарихында және Қазақстанның футбол тарихында тұңғыш рет қартамыс құрлықтағы футболдан бәсі екінші тұратын Еуропа Лигасындағы алғашқы кездесуін өткізеді. Виктор Кумыков баптайтын кеншілер Грекияның Салоники қаласында жергілікті «ПАОК» командасына қарсы ойнайды. Осы орайда «ПРОСПОРТ» тілшісі команда қатарындағы жаңалықтарды шолып шықты.

Команда қатарындағы жаңалықтар                                                    

Еуропа Лигасының топтық кездесуіндегі алғашқы кездесуін өткізу үшін «Шахтер» командасы Салоники қаласына 5,5 сағат жол жүрді. Қазақстандық команданың делегациясында Грекияға 81 адам (футболшылар, команда қызметкерлері, тілшілер, жанкүйерлер) бар екен. Өкінішке қарай, «Шахтерге» орталық қорғаушы Никола Василевич көмектесе алмайды. Ол Қазақсан Премьер-Лигасы аясындағы «Ақтөбеге» қарсы өткізген ойында жарақат алып қалған. Дәрігерлердің айтуынша, Никола алаңға тек 1-2 аптадан кейін ғана орала алады. Бұл футболшының жоқтығынан енді «Шахтердің» бас бапкері ойын мәнерін біршама өзгертетін айтып өтті. Әдетте, кеншілер Василевичті ең соңғы қорғаушы ретінде пайдаланатын еді. «ПАОК»-пен өтетін ойында бұл міндетті Алдин Джидич атқаратын шығар. Ал, жалпы команда қатарында басқа атап өтетіндей өзгерістер жоқ. «Тумба» стадионында өтетін ойында кеншілерді капитан ретінде Андрей Финонченко алып шығады. Шабуыл шебінде капитанмен бірге Сергей Хижниченко және Геворг Казарянды көруіміз керек. Орталық алаңға Вичюс пен Каньяс жауап береді. Ал, қорғаныста Джидич, Малый, Симчевич, Порываев және тағы бір (ол ойыншыны матч алдында белгілі болады) қорғаушы ойнайды. Қақпаны әдеттегідей Александр Мокинге сеніп тапсырамыз.

Қарсылас команда сапында жарақат алған ойыншылар жоқ. Керісінше, ішкі біріншіліктегі «Верияға» қарсы өткен кездесуге қатыспаған үш ойыншы Костин Лазар, Йоргос Георгиадас және Лиам Лоуренс жарақатынан толық айыққан. Енді бұл үш футболшы да «Шахтерге» қарсы алаңға шығып қалуы ғажап емес. Грекиялық басылымдардың болжамы бойынша Хуб Стивенс алдағы кездесуге мына ойыншыларды шығарады екен: Қақпашы - Санс Хакобо; қорғаушылар – Йоргос Цавелас, Стелиос Кициу, Витор; жартылай қорғаушылар – Лукас Перез, Александрос Дзиолис, Сотирис Нинис, Мирослав Стох; шабуылшылар – Димитрис Салпингидис, Стефанос Атанасиадис.

Бапкерлер не дейді?

Салоники қаласындағы кездесуге байланысты бүгін қос команда бапкерлерінің қатсуымен баспасөз жиыны өтті. Маслихат барысында бірінші болып сөзді «Шахтердің» бас бапкері Виктор Кумыков алды: «Қайырлы күн. Біз қарсыласымызға үлкен құрметпен қараймыз. Команда жақсы жасақталған. Ойыншыларды да, бапкері де мықты. Клубтың басшысы менің жерлесім екен. Ол кісі команданың жасақталуына ауқымды үлес қосып келеді. Енді, өз командама келетін болсам, ертең біз кем дегенде бір ұпайды алып кетуге тырысамыз. Әрине, команданың белді қорғаушысы Николаның жарақат алып қалуы жағымды жаңалық емес. Дегенмен, оның орнын басатын ойыншыны тауып қойдым. Дегенмен, негізгі қорғаушымызсыз тактикамыз да біршама өзгеретін болады», дейді кеншілердің бас бапкері Виктор Бальютович. Өз кезегінде «ПАОК»-тың бас бапкері Хуб Стивенс те қарсыластарының осал ұжым еместігін атап өтті. «Қарсыласымызды оңай шағылатын жаңғақ деуге келмейді. Осал қоманда Чемпиондар Лигасының Плей-оффтық кезеңіне дейін жете алмас еді. Бірақ, мен жігіттерімді ертенгі ойында тек жеңіске жігерлендіретінін боламын. Қарсыласты соңғы «Селтикпен» өткен кездесуіне қарап зерттедік. Қорғанысы мықты екен. Ертең біз сол мықты қамалды бұзуға қолдан келгеннің барлығын жасаймыз», - дейді голландиялық маман.

Төрешілер

«ПАОК» «Шахтер» арасындағы матчты УЕФА-ның жетекшілері француз қазыларына сеніп тапсырыпты. Алаңдағы бас төреші – Фреди Фотрел болады. Қапталдан Сирил Грингор және

Лоран Стьен көмектессе, қақпа артындағы төрешілер Бенуа Бастьен мен Вильфрид Бьен болмақ. Қосалқы төреші ретінде Гийом Дебар тағайындалыпты.

Қызық дерек

Жерлестерімізге жануарларлар құқығын қорғайтын ұйым қас болып алды. Бүгін Грекиялық жануарлар қорғау ұйымының мүшелері - «Ешқандай жағдайда да «Шахтер» жанкүйерлерінің құрбан шалуына жол бермейміз», - деп ашық хат жазды. Хаттан бөлек ұйымның мүшелері ресми шағыммен Грекияның құқық қорғау орындарына да құрбан шалуға жол бермеңіздер деп арыз жазғаны мәлім болды.