Футболдан төрт дүркін ел чемпионы елордалық «Астана» клубының бас бапкері Станимир Стоиловтың келісімшарты 2018 жылдың соңына дейін ұзартылды, деп хабарлайды отандық басылымдар.

Танымал германиялық Transfermarkеt сайтының мәліметіне сүйенсек, Стоиловтың жаңа келісімшарты 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін қарастырылған. Яғни, «Астанамен» келісім тағы бір жылға ұзартылды.

Естеріңізге салайық, «Астана» клубы Стоиловтың басышлығымен көптеген белестерді бағындырды. Бірнеше дүркін ел чемпионы, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында абыроймен өнер көрсетті. Ал осы маусымда қазақ футболының тарихында тұңғыш Еуропа лигасының 1/16 финалына жолдама алды.

Айта кетейік, болгариялық басылымдардың мәліметіне сүйенсек, жаңа келісім бойынша Стоилов жылына 1,2 миллион еуро жалақы алады.