Допты хоккейден бүкілресейлік жоғары лига командалары арасындағы жарыста Оралдың «Ақжайығы» кезекті ойынын Орынбордың «Локомотив» командасына қарсы өткізіп, жеңіске жетті. Кеше өткен кездесуде командалар 3:3 есебімен тең тарқасқан еді.

Бүгінгі ойын да Орал қаласындағы «Стеновик» стадионында өтті. тартысқа толы кездесу 5:3 есебімен жергілікті команданың пайдасына шешілді. Батысқазақстандықтар сапынан Андрей Гущин қос голдың авторы атанса, Сұлтан Қадыржанов, Қуаныш Темірәлин және Петр Грибанов қарсыластар қақпасына бір-бір доптан енгізді. «Локомотивтен» Роберт Гиниатуллин екі гол соғып, көзге түсті.

Осы жеңістен кейін Ресейлік маман Владимир Кожевниковтің шәкірттері Екінші топта 10 ойыннан кейін 11 ұпай жинап бесінші орында келеді.