«Ақтөбе» клубының бас директоры қызметіне 5 күн бұрын тағайындалған Самат Смақов орнынан кетуі мүмкін.

Ардагер футболшының қызметінен кетуге клубтың үлкен көлемдегі қарызы себеп. Облыс әкімдігі «Ақтөбе» командасына 2 миллиард теңге бөлген. Алайда клубтың қарызы 1,5-2 млрд теңге аралығын құрайды.

Ардагер футболшы бұл қызметте Мақсат Түймалиевты ауыстырды. Сондай-ақ Ұлықбек Асанбаев спорттық директор атанды.

Айта кетейік, Самат Смақов футболшы мансабын осыдан 20 жыл бұрын семейлік «Елімай» командасының сапында бастаған. Мансабында 7 команданың сапында ойнаған. Оның ішінде Ресей мен Түркия біріншіліктерінде доп тепкен. Соңғы командасы шымкенттік «Ордабасы» болды. Қазақстан құрамасы сапында 76 ойын өткізіп, Ұлттық құрамада ең көп матч өткізген футболшы атанды.