«Астана» баскетбол клубы команданың бас бапкері Костас Флеваракиспен келісімін үзді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

«Клуб Флеваракиске атқарған жұмысы үшін алғыс білдіреді және оған болашақта бапкерлік мансабында сәттілік тілейді», — делінген хаттамада. Қазіргі таңда, елордалық клубтың тізгінін уақытша Карпенко Михаил Владимирович ұстап қалды.