бүгін Австралияда өтіп жатқан "Sydney International 2018" турнирінің екінші айналым кездесулері жалғасын тапты.

Теннис жанкүйерлері көз тіккен кездесу әлемнің бұрынғы бірінші ракетасы Анжелика Кербер(22) мен атақты Винус Уильямс(5) арасында өтті.

Екі сағатқа созылған тартысты ойында германиялық теннисші қыздың жолы болды. Ол АҚШ-тан келген үлкен Уильямсті 2:1 есбімен ұтты(5:7, 6:3, 6:1). Енді ширек финалда Славакия аруы Доминика Цибулковамен жолығады. Кездесу 11 қаңтарда өтеді.