Қарағаңдылық «Шахтердың» бас бакпері Виктор Кумыков алдағы Еуропа Лигасы аясындағы ПАОК-қа қарсы өтетін кездесу алдында сұхбат берді.

- ПАОК командасын құрметтейміз. Мұнда мықты ойыншылар жиналған. Клубтың бастығы менің ескі танысым. Жақсы бапкер. ПАОК тәжиребелі команда, техникалық тұрғыдан да мықтырақ. Алайда физикалық дайындық пен ерік-жігердің арқасында жеңіске жетуіміз мүмкін.

- Виктор Балютович, Василевич ойынға қатыспайтын болды. Осы жағдайды ескеріп ойын өрнегін өзгертесіз бе?

- Ойыншыны алмастырамыз, әрине. ПАОК-қа қарсы үш тактикалық нұсқамыз бар, қайсысын  таңдайтынымыз ойын барысында белгілі болады.

- Еуропа лигасы мен ел біріншілігіндегі ойындарды қатар алып келесіз, қиын емес пе?

- Еуропада ойнағымыз келсе мұндай қиыншылықтармызға үйренуіміз керек. Арасында қалыпқа келу жатығулары көмектеседі.

- Сырт алаңда өткізген ойындармен салыстырғанда үйдегі матчтар нәтижелі аяқталатынын байқадық...

- Сырт алаңда ойнау әрқашанда қиын. Оның үстіне тәжиребеміз де аздау.

- ПАОК сапындаға қай ойыншыдан көп қауіп төнеді деп ойласыз, және қандай шара қолдануға болады?

- ПАОК-пен жақсылап таныстық, барлық ойыншыларын білеміз. Айып алаңымызға жақындатпауға тырысамыз, дегенмен қалай болатынын ойын көрсетеді.

- Грекияға қонған күні сіз ПАОК сапындағы Салпингидис пен Стохтан қауіптенетініңізді айттыңыз. Себебі неде?

- Мысал ретінде айтқан болатынмын. ПАОК-та аталған футболшылардан өзге де жақсы ойыншылар толып жүр.

- Еуропа Лигасына жан-тәнмен беріліп ел біріншілігін ұмытып кеткен жоқсыздар ма? Көшбасшылардан біраз артта қалып келесіз.

- Оныңыз рас, бізден ұзап кеткен командалар бар. Соңғы жеті кездесудің алтауында қосалқы құрамның ойыншыларын шығардық. Ештеңе етпес, бар күшімізді Еуропа лигасы мен Қазақстан Кубогына саламыз.

- Сізді қандай нәтиже қанағаттандырар еді?

- Жеңілістен басқа кез-келген нәтижеге риза боламын.

Тілшілердің сұрақтарына «Шахтер» шабуылшысы Сергей Хижниченко да жауап берді.

- Сергей алдағы кездесу жанкүйерсіз өтеді, бұл жағдай көңіл-күйіңізге әсер етеді ме?

- Бұндай жағдай менің өмірімде ешқашанда болған емес, бәлкім көмегі де тиіп кетер.

- Биылғы маусымда «Шахтер» мен Ұлттық құрама сапындағы барлық ойындарға қатыстыңыз. Ойын стилі жағынан ПАОК қай командаға ұқсас деп ойлайсыз?

- Бұл сұраққа жауап беру қиын, ПАОК-тың ойынын тек бейнетаспа арқылы көрдік.