«Жетісу» клубының 26 жастағы жартылай қорғаушысы Владимир Вяткин командадан кетті. Алматылық футболшы Владимир Вяткин «Жетісу» сапына өткен маусымда қосылған болатын.

Ол талдықорғандық команда үшін 8 ойын өткізіп, 1 гол соқты.

Естеріңізге салайық, бұған дейін «Жетісудан» Артем Касьянов, Рифат Нурмугамет, Владимир Покатилов, Вячеслав Сердюков, Алексей Шакин, Ацамаз Бураев кеткен.