«Барселона» клубының су жаңа ойыншысы Филиппе Коутиньо каталондықтарға алдағы үш аптада көмектесе алмайды.

Ойыншының жарақаты жасыл алаңға шығуға кедергі екен. Испандық команда жанкүйерлері Коутиньоның ойынын көруді кейінге шегере тұрмақ.

Естеріңізге салсақ, Филиппе Коутиньо «Барселона» клубына «Ливерпульден» ауысып келген болатын. Трансфер құның 160 млн еуроны құрады.