«Атырау» футбол клубы қазақстандық маман Вахид Масудовпен келісімге келгендігін хабарлады.

Вахид Масудов бұған дейін де «мұнайлы өлкенің» командасының тізгінін ұстаған еді. Дәлірек айтқанда 2009-жылы «Атырау» тізгінін ұстаған Антон Шох дүниеден өткен соң батыстың командасының бапкері қызметіне тағайындалған.

Сол жылдың қортындысы бойынша «Атырау» Қазақстан премьер лигасында алтыншы орынға тұрақтаса, Қазақстан Кубогында топ жарған.