Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты Канаданың Ванкувер мен Виктория қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚР ҰОК.

Аталмыш турнир 2018 жылдың 26 желтоқсанында басталып, 2019 жылдың 5 қаңтарында аяқталады. Қазақстан жастар құрамасы «В» тобында Финляндия, Словакия, Швеция және АҚШ құрамаларымен күш сынасады.

Канада, Чехия, Дания, Ресей мен Швейцария құрамалары «А» тобында мықтыны анықтайды. Екі топта соңғы орын алған командалар элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалу үшін тартысады. «В» тобының ойындарын Виктория қаласы қабылдайды.

Еске сала кетсек, АҚШ-тың Баффало қаласында хоккейден өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Беларусь құрамасы турнирде қалу үшін Данияға қарсы өткізген екі ойында (4:5, 2:3 Б) жеңіліп, элиталық дивизионнан шығып қалды. Беларусьтің орнын Қазақстан иеленген болатын.