Волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты барысында Қазақстан ширек финалда Оңтүстік Кореямен кездеседі. 

Вьетнам командасын жеңген біздің қыздарымыз артынша Жапония қарсыластарынан жеңілді. Жапония, Тайланд, Қазақстан командаларының ұпайлары бірдей болғандықтан ұйымдастырушыларға жеребе тастауға тура келді. Өкінішке орай Александр Гутор жаттықтыратын ұлттық құрама топтан үшінші орынмен шығуға мәжбүр болды.

Ширек финалдағы алғашқы кездесу 19-шы қыркүйекте жоспарланған. Екінші кездесу 28-ші қыркүйекте Қытай, Оңтүстік Корея, Қазақстан, Жаңа Зеландия және Үндістан арасында өткізеледі. Аталған бес команда 2014 жылы өтетін әлем чемпионатына жолдаманы сарапқа салады.
 

XVII Азия чемпионаты

Ойындар кестесі.1/4 финал:19 қыркүйекОңтүстік КореяҚазақстан, Таиланд — Тайбэй, Жапония — Иран, Қытай — Вьетнам1-8-ші орындарға Плей-офф:17 қыркүйекҚазақстанЖапония 1:3 (15-25, 15-25, 26-24, 12-25),Таиланд — Вьетнам 3:0,Иран — Тайбэй 0:3,

Оңтүстік Корея  — Қытай 0:3.16 қыркүйекҚазақстан — Вьетнам 3:0 (25-21, 25-23, 25-22),Жапония — Таиланд 1:3,Қытай — Тайбэй 3:0, Оңтүстік Корея — Иран 3:0.

Топтық кезең:Алғашқы кезең:А тобы: Таиланд, Қазақстан, Австралия, МонғолияB тобы: Қытай, Иран, Филиппины, ҮндістанC тобы: Жапония, Вьетнам, Индонезия, ГонконгD тобы: Оңүстік Корея, Тайбэй, Мьянма, Шри-Ланка«А» тобындағы ойын нәтижелері15 қыркүйекАвстралия — Қазақстан 1:3 (16-25, 15-25, 26-24, 18-25), Монғолия — Таиланд 0:314 қыркүйекҚазақстан — Монғолия 3:0 (25-22, 25-16, 25-9), Таиланд — Австралия 3:013 қыркүйекТаиланд — Қазақстан 1:3 (24-26, 24-26, 25-17, 20-25), Австралия — Монголия 3:0