Сайысқа барлығы 100-ге тарта спортшы қатысты. Бәсеке балалар, кадеттер, жасөспірімдер және ересектер сынды төрт жас ерекшелігі бойынша өрбіді.

– Чемпионаттың мақсаты – қатысушыларға тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беру, себебі бір күндік жарыстың өзі айлар бойы тер төккен жаттығуларға тең, әрі бапкерлер де өз шәкірттерінің деңгейін байқай алады, – деді ШҚО таэквондо WTF федерациясының президенті Мерхат Болатханов.

Айта кетейік, жарыс барысында жастар арасында қаңтардың 15-17 аралығында Павлодар қаласында өтетін ҚР чемпионатында өңір намысын қорғайтын спортшыларға іріктеу өтті.