«Ливерпуль» клубының бразилиялық футболшысы Фелипе Коутиньо «Барселона» клубына ауысты, деп хабарлайды еуропалық басылымдар.

Бұған дейін Коутиньо «Барселонаға» жақында ауысады деген ақпараттар әлемдік БАҚ арасында кеңінен тараған болатын. Ал бүгін екі жақ өзара келісімге келіп, көптен күткен трансфер жүзеге асты.

Дереккөздің айтуыншы, құжат мәселері аяқталған соң бразилиялық Барселонаға ұшады. Ал дүйсенбі күні Коутиньо медициналық тексерістен өтеді.