Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымға қызу дайындалып жатқан көрінеді. Клуб директоры Нұртаза Әбілхановтың айтуынша, команда 8-28 қаңтар аралығында Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Сол аралықта команда бірқанша футболшыны қаралымнан өткізбекші екен. Батысқазақстандық клуб украиналық маман Владимир Мазярдың көңілінен шығатын ойыншыларды жан-жақтан іздеу үстінде. Олардың қатарында бұрын «Ақжайықта» ойнап, басқа жаққа кеткен Николай Забродин, Руслан Қайыров, Сергей Шевцов қатарлы футболшылар бар. Сонымен қоса Руслан Сақалбаев, Еркебұлан Нұрғалиев сынды ойыншыларды да сынап көрмекші.

Осы аталған ойыншыларға шетелден шақырылатын легионерлер қосылады. Сөйтіп команданың келесі маусымдағы құрамын жасақтайтын болады.