Халықарлық хоккей қауымдастығының(IIHF) ресми сайты 2019 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңінде ойнайтын командаларды топқа бөлді. Қазақстан жастары В тобында өнер көрсететін болды. Чемпионат Канаданың Ванкувер және Виктория қалаларында өтеді.

А тобында - Канада, Ресей, Чехия, Швейцария және Дания құрамалары кездеседі. Олар Ванкувер қаласындағы 18910 көрерменге арналған «Кэнакс» аренасында өнер көрсетеді. Бұл алаңда 2010 жылғы Олимпиаданың хоккей ойындары өткен болатын.

В тобында - Швеция, АҚШ, Финляндия, Словакия және Қазақстан құрамалары орналасты. Бұл құрамалар WHL-де бақ сынайтын «Виктория Роялс» командасының алаңында кездесулерін өткізетін болды.