Италия ұлттық құрамасымен, «Ювентус» ФК қақпашысы Буффон биылғы еуромаусымға қойған мақсаты жайлы баяндады.
 
 «Биылғы жылы жақсы нәтиже көрсете аламыз ба» деген сұрақ мазалайды. Әсіресе Чемпиондар лигасында топ жаруды армандаймыз», - дейді Буффон.  
 
«Команда басшылығы жазда бір қатар жақсы ойыншыларды сатып алды. Біз үшін бұл жақсы жаңалық. Алдағы уақытта жеңімпаздар қатарынан түспеуді мақсат етеміз», - деп қосты.