«Қайрат» футзал клубы аздаған үзілістен соң Қазақстан чемпионатының екінші айналымына дайындығын бастады.

Жаттығу жиындары клубтың базасында өтіп жатыр. Алғашқы жаттығу жиынына тек жас қақпашы Гордей Янов қатыса алмады. Жарақатынан емделіп жатқан Яновтан өзгесінің бәрі жаттығу жұмыстарын бастап кетті.

Алматылық «Қайрат» футзал клубының құрамы:

Қақпашылар:

Игита, Дуду, Гордей Янов, Ринат Умешев

Алаңдағы ойыншылар:

Даниэль, Дуглас, Тайнан, Дінмұхамбет Сүлейменов, Серік Жаманқұлов, Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Нұрғожин, Михаил Першин, Лео, Золтан Дрот, Хоссейн Тайеби, Эдуардо, Алешандре

Дереккөз:Prosports.kz