«Барселона» клубының бұрынғы ойыншысы Хави каталондықтардың қақпашысы Марк-Андре Тер Штегенді өз ізінің шебері деп атады. Сондай-ақ Хави Тер Штеген «Бавария» қақпашысы Мануэл Нойермен бір деңгейде деп есептейді.

«Тер Штеген қазір әлемдегі үздік қақпашылардың бірі. Ол өте жағары деңгейде ойнайды, оның үстіне өз ісінің хас шебері. Мен оны алғаш «Барселона» қатарында көргенде оның шеберлігіне таң қалдым. Ол өте мықты қақпашы. Бір сөзбен айтқанда Мануэл Нойермен бір деңгейде»,- дейді Хави.