Алматыда өтіп жатқан Еуразия ойындарындағы ауыр атлетикадан ұлттық құрамамыз бірінші алтынға ие болды.

Еуразиялық ойындарда Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан мемлектерінен келген жас өспірімдер қатысуда.Жарыс он үш спорт түрінен өтуде.

Біздің спортшымыз Тимур Хасаров 56 келіге дейін салмақта жалпы 223 (103+100) келі штанганы көтеріп бірінші орынға ие болды.