«K2 Promotions»-тың бас директоры Том Леффлер «Геннадий Головкин мен Флойд Мейвезердің кездесуі өткізілсе ең тартымды жекпек-жектердің бірі болар еді», – дейді.

«Гена Флойдпен бірінші орта салмақта кездесуге дайын. Бірақ бұл мүмкін бе ? Оның бапкері Абель Санчес Гена Мейвезерді тоқтататын жалғыз боксшы деп айтқан болатын. Мейвезер мықты боксшы, дегенмен Гена оны құлатуы керек, егер де бұл кездесу өткізілсе бокс әлеміндегі ең тартымды жекпе-жектердің бірі болады”, – деп қосты Леффлер.

Қазіргі таңда Генадий Головкин 2-шы қараша күні Кертис Стивенске қарсы өтетін  кездесуге дайындалуда.