Boxingnews24.com сайтындағы тұрақты авторлардың бірі Аллан Фокс америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер туралы ойын жазды.

«Мейвезер өз мансабында көп нәрсеге қол жеткізді. Бірақ ол Шугар Рэй Робинсон немесе Мұхаммед Әли секілді тәуекелге баратын боксшы емес. Егер олар біздің дәуірде өнер көрсетсе, орта самақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға келісер еді. Мейвезердің GGG-мен жұдырықтасқысы келмеді. Оның орнына бұл жекпе-жектің ол үшін керек емес екенін айтып ақталды. Әли мен Робинсон сылтау іздемес еді», - деп жазады автор.