Премьер-Лигаға тоғыз жыл уақыттан соң қайта оралған «Қызыл-Жар» клубын болгарлық маман жаттықтыратын болады.

«Қызыл-Жар» клубының басшылығы болгар маманы Николай Спасовпен келісімшартқа отырды. Бұған дейін қызылжарлық команданы Владимир Фомичев баптап, Премьер-Лигаға жолдама алып берген болатын.