33 жастағы волейболшы Тиффани Абре Бразилия Суперлигасында дебютін өткізді.

Бұл Абренің жоғары деңгейдегі алғашқы жарысы емес. Ол бұған дейін Еуропа, Оңтүстік Америка және Индонезияда ойнаған. Бірақ ол кезде Тиффани әлі еркек болатын.

«Бразилияның төменгі лигаларында странсгендер волейболшылар көп. Мені жігерлендірген осы», - деді спортшының өзі.

2012 жылы Абре трансгендер әйел болу үшін волейболдан кеткен. Нәтижесінде әйелдер арасындағы чемпионат талаптарына сай болу үшін бес жыл бойы арнайы дәрілер ішіп келген екен.

Айта кетейік, 2016 жылы Халықаралық Олимпиада комитеті трансгендер-спортшыларға Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік берген болатын.