Жақында ғана «Реалмен» келісімшартты ұзартқан португалдық шабуылшы Криштиану Роналду клуб жайлы ой бөлісті. 
 
«Мұнда менің көңілім тоқ. Тағы бес жыл ғұмырымды Мадридте өткізіп,  «Реал» сапында жаңа жетістіктерге жету үшін күш-жігерімді аямаймын. Бар өнерімді жанкүйерлерге арнап, ыстық ықыласына бөленгім келеді. 
 
Алты жыл бойы «Манчестерде» ойнадым, ол уақытты ілтипатпен еске алам,  дегенмен қазір менің үйім «Реал Мадрид»,  бар ойым осы клубта. Маусымаралықта маған қызығушылық танытқан барлық командаларды құрметтеймін. Алайда жеке карьерамды «Реалда» аяқтағым келетінін айтып кеткенім жөн», - дейді Криштиану Роналду.