Бүгін Ресейдің жастар хоккей құрамасы АҚШ жастарынан ұтылып қалды. Сөйтіп, жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына өте алмады.

Бірақ, біз үшін маңыздысы бұл емес. Біздің айтқымыз келгені Ресей құрамасының сапындағы Қазақстанда туған хоккейші Анатолий Елизаров болатын. 1998 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында туған Анатолий кейін өз тарихи отанына оралған. Енді міне сол елдің намысын халықаралық жарыста қорғап жүр.