Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Стамбулда өткен «Челленджер» санатына жататын турнирдің жеңімпазы атанды.
 
Ақтық сында Кукушкин украиндық қарсыласы Илья Марченкомен кездесті. Жерлесіміз екі сет бойынша 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.