«Қапшағай» БК Азия чемпиондарының кубогында ойнап жатыр.
 
Қыркүйектің 13-і мен 21-і аралығында Иордания астанасы Амманда Азия чемпиондарының кубогы 24-і рет өтеді. Байрақты бәсекеге Қазақстан атынан «Қапшағай» баскетбол клубы аттанған.
 
Жерлестеріміз алғашқы матчта «Аль-Райяннан» жеңілді - 67:81. Екінші турда қапшағайлықтар индиялық ОНГК командасы ұтты - 79:72. Топтағы соңғы кездесу қыркүйектің 17-не жоспарлаған. Матч Ирак елінің «Духок» командасына қарсы өтеді.