Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы жекпе-жектің қай жерде өткенін қалайтынын айтты.

«Меніңше, бұл жекпе-жектің жалғасы Mexico City Arena өтсе тамаша болар еді», - дейді Маурисио Сулейман.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы соңғы жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында өткен. Кездесу тең аяқталды.