Ресейлік маман Илья Воробьев дәл қазіргі уақытта «Барысқа» келуге ниетті емес екенін білдіріп сұқбат берді.

Ол бүгінде өз ұлттық құрамасының жаттықтырушылар құрамында жұмыс істеп жүр. Әрі қысқы олимпиада ойындары аяқталғанша басқа жаққа кетуге асықпайтын көрінеді. «Барыстың» да, басқаның да ұсынысын қазірше қарастырмаймын, деп басып айтыпты «Металлург» клубының бұрынғы бапкері.

Астананың «Барысы» жақында ғана бас бапкері Евгений Корешковті қызметтен қуған еді. Бұған себеп, астаналықтардың соңғы кездері жеңілістен көз ашпай шығыс конференциясында 10-ыншы орында қалып кеткен еді.