Жазда «Барселона» командасы Қытайда доп теуіп жүрген жерінен Паулиньоны сатып алған еді. Сол кезде бұл трансфер көп адамның күмәнін тудырғаны сөзсіз.

Әлемнің үздік клубтарының бірі Қытай чемпионатынан жасы 30 ға келген футболшыны сатып алуы күлкілі сезілгені сөзсіз. Тіпті, бразилиялық ойыншы үшін «Гуанчжоу Эвергранд» командасына 40 миллион евроны санап берген еді.

Алайда, Паулиньо жаңа командасын жерге қаратқан жоқ. «Барселона» сапында өте керемет өнер көрсетіп жүр. Соның арқасында трансферлік құны да көтеріліп отыр. Маусым басында Паулиньо бар болғаны 15 миллион евроға бағаланса, бүгінде сол баға үш есеге жақын өсіп 40 миллионға көтеріліп отыр.

Бұл мәліметтер Германияның әйгілі transfermarkt.de сайтында көрсетілген.