«Реал» Тони Кросты «Манчестер Юнайтед» клубына сатпақшы. Сондай–ақ Германия құрамасына қызыққан клубтар қатарында «Манчестер Сити» мен ПСЖ командалары бар көрінеді.

Мадридтік команда өзінің негізгі ойыншысы саналатын Кросты ПСЖ шабуылшысы Неймарды сатып алу үшін сатқалы отырғанға ұқсайды. Кроспен қатар Гарет Бэйл де Неймар үшін «құрбандыққа шалынғандар» қатарында.

Крос биылғы маусымда 21 ойында екі гол соққан. Ал Неймар болса ПСЖ үшін 20 ойында 18 гол соғып үлгерді.