«Астана» командасының капитаны, итальяндық Винченцо Нибали Испанияның тас жолдарында өрбіген «Вуэльта» көпкүндігінің қорытындысы бойынша екінші орын алды.

68-ші рет ұйымдстырылған «Вуэльта» веложарысын 41-жастағы американдық, «RadioShack» командасының спортшысы Кристофер Хорнер ұтып алды. Нибали одан 37 секундқа қалып қалса, үшінші орын «Movistar» өкілі Алехандро Вальвердеге бұйырды (+1,36).Соңғы кезеңді австралиялық шабандоз Майкл Мэттьюс жеңді.

"Вуэльта" көпкүндігінің жалпы нәтижесі:1. Кристофер Хорнер (АҚШ, RadioShack);2. Винченцо Нибали (Италия, Astana) - 0,37;3. Алехандро Вальверде (Испания, Movistar) - 1,36;4. Хоаким Родригес (Испания, «Катюша») - 3,22;5. Николас Роч (Ирландия, Saxo-Tinkoff) - 7,11;6. Доменико Поццовиво (Италия, AG2R) - 8,00;7. Тибо Пино (Франция, FDJ) - 8,41;8. Самуэль Санчес (Испания, Euskaltel-Euskadi) - 9,51;9. Леопольд Кениг (Чехия, Team NetApp-Endura) - 10,11;10. Даниэль Морено (Испания, «Катюша») - 13,11.