Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Қытайдың Шэньчжэн қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде ширекфиналға шықты.

Shenzhen Open турнирінің екінші айналымында Зарина Дия жарыс қожайыны Чжан Шуайды жеңді. Кездесудегі есеп 6:3, 5:7, 6:4.