Өзі өткізген 25 жекпе-жектің бәрінде жеңген Хабиб Нурмагомедовтың айдарынан жел есіп тұр. Бүгін Эдсон Барбозаны жеңгені жалынына желік бітірсе керек, ресейлік өзінің бір күнде екі жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

- Егер UFC рұқсат берсе мен бір күнде Макгрегор және Фергюсон екеуімен де белдесуге дайын болар едім, деп келтіреді оның сөзін sport-express.ru сайты.

Бразилиялықты жеңген Хабиб Нурмагомедов енді АҚШ арыстаны Тони Фергюсонмен кездеседі.