Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова Алматыдағы титулдық жекпе-жегінен кейін түскен суретін жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Суреттен ержүрек қыздың оң қолы гипстелгенін көруге болады. Спортшы оны Инстаграмдағы парақшасында жанкүйерлерімен бөлісті. Еске сала кетейік, Фируза Шарипова кешегі бокс кешінің бас кездесуінде Бельгиядан келген Джемилла Гонтарюкті жеңді.