«Астананың» Еуропа лигасы 1/16 финалдағы қарсыласы лиссабондық «Спортинг» екі ойыншыны қатарына қосты.

Португалиялық ұжым аргентиналық «Ривер Плейттен» шабуылшы Гонсало Мартинесті 10 миллион еуроға сатып алды. Салықты қосатын болсақ, «Спортинг» осы трансфер үшін 14 млн еуродай шығындалады.

Сондай-ақ, «арыстандар» португалиялық «Риу Авиден» Рубен Рубейроны өз қатарына қосты. Футболшымен келісім-шарт 3 жылға жасалған.